Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз көз жұмды

Қазан 8, 2025 - 14:27
 0  27
Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз көз жұмды
Фото: azattyq-ruhy.kz

Маңғыстау өңірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз жанармай буынан уланып көз жұмды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Hronika.kz мәліметінше, оқиға 2025 жылдың 6 қазанында «Үстірт» шекара бекетінде орын алған. Ресми деректерге сәйкес, кешкі сағат 21:10 шамасында бөлімше бастығы, капитан Асу К. сарбаз Еркебұлан Сағындықты жанар-жағармай сақтайтын орынға жіберген. Ол жерден сарбаз дизель генераторының радиаторын жуу үшін бензин әкелуі тиіс болған. Алайда, бұл тапсырманы орындау барысында бензиннің буынан уланып, есінен танып қалған.

Сағат 21:20-да оны электрик-дизелист тауып алған. Капитан Асу К. алғашқы көмек көрсеткенімен, сарбаздың жағдайы тым ауыр болған. Кейінірек медициналық мамандар оның өмірін сақтап қала алмады – реанимациялық шараларға қарамастан, жауынгердің көз жұмғаны анықталды.

Аталған қайғылы жағдайға байланысты Ақтау гарнизонының әскери полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы бойынша («Қызметтік міндеттерге салғырт қарау») қылмыстық іс қозғады.

Марқұм Еркебұлан Сағындық 2005 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2025 жылдың көктемінде әскерге шақырылған болатын.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0