Маңғыстауда теміржол қызметкерінің мәйіті табылды

Шілде 9, 2026 - 12:22
chat_bubble  0 visibility  2
Маңғыстауда теміржол қызметкерінің мәйіті табылды
Фото: Pixabay

Маңғыстау облысындағы теміржол станцияларының бірінде жұмыс орнында жол айырығының кезекші қызметкері өлі күйінде табылды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, өлімнің мән-жайы анықталып жатыр, деп жазады Sadaq.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме.

Басылымның мәліметінше, 5 шілде күні таңертең Маңғыстау облысындағы №13 жол айырығы станциясында 1983 жылы туған кезекші қызметкердің денесі табылған.

Бұл ақпаратты Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Теміржол ұйымы қызметкерінің кенеттен қайтыс болуы бойынша Маңғыстау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады ведомство.

Алдын ала мәлімет бойынша, қызметкердің өліміне созылмалы жүрек ауруы себеп болуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шақырылған. Дәрігерлер келген кезде қызметкердің қайтыс болғанын растаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0