Марқұм Шерзаттың үйін өртеген күдіктілер әлі табылмаған
Марқұм Шерзат Болаттың отбасының адвокаты Саида Тәукелева үйді өртеген күдіктілердің әлі күнге дейін анықталмағанын жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Біз облыс прокурорымен кездестік, ол тергеу барысы жайлы толық ақпарат берді. Оның айтуынша, іс аяқталуға жақын, себебі қажетті сараптамалар мен процедуралар орындалған. Дегенмен әзірге күдіктілер анықталған жоқ. Тергеу барысында үлкен жұмыс атқарылғанын айтты, бірақ нәтиже жоқ,” – деді адвокат.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған.
Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан.
Осы жағдайдан кейін төбелес басталған. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі таңда кінәлі деп танылған 7 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. 15 қазанда Ішкі істер вице-министрі тағы үш күдіктіні ұстағанын мәлім етті.
Ал 18 қазанда тағы бір күдіктіні қолға түсірді.
Сіздің реакцияңыз қандай?