«Мәссаған»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқал алғаны туралы сыбыс тарады
Желіден әзілкештің жеке өмірі талқыланып жатыр

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны туралы сыбыс тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
TikTok желісінің қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты алып-қашпа әңгіме таратты.
«Мөлдір жас, аңқау еді. Тұрсынбек Мөлдірді бұзды, бір сөзбен айтқан сындырып жіберді», «Оның екінші әйел алғаны кеше емес қой, 6-7жыл болғаны анық. Сол үшін Мөлдірді экранға шығарып, өнер мектебін ашып берді кезінде. Мөлдір сол кезден біледі. Халыққа енді жетіп жатыр», «Тұрсынбектен мұндайды күтпеп едім», «Мөлдір қазір жалғыз», «Мен жұмыс істеген мейрамханаға жас қызбен келіп еді», «Бұған не болды?», «Мәссаған», - деп жазды желі қолданушылары.
Осыған дейін Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанованың жас жігітпен ән салып, бейнебаян түсіргені хабарланған болатын.
Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын берген сұхбаттарының бірінде Мөлдір Мұқанова күйеуінің тоқал алуына қарсы екенін айтқан болатын.
«Кез келген әйел сияқты, мен де тоқал алуға қарсымын. Иә, әрине. Ондай шешімі болса, жолың ашық деймін. Бірге өмір сүрмеймін», - деді Мөлдір Мұқанова.
Сіздің реакцияңыз қандай?






