Маңғыстаудағы ұшақ апаты болған жерді суретке түсірген блогер қамауға алынды

Желтоқсан 25, 2024 - 15:27
Желтоқсан 25, 2024 - 15:29
Маңғыстаудағы ұшақ апаты болған жерді суретке түсірген блогер қамауға алынды

Маңғыстау полициясы жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаевты ұстады. 

Бұл туралы блогердің өзі инстаграм парақшасында хабарлады.

Сондай-ақ блогер өзін апат болған жерде түсірілім жасағаны үшін ұстаған болуы мүмкін екенін айтқан. 

“Мені ұстады. Ақтау қаласының ПБ-сына бара жатырмын. Болжам бойынша, ұшақ апаты болған жерді түсіргенім үшін.

P/S Қазіргі сәтте @reuters, @guardian, @bbcnews, @lemondefr және басқа да бүкіл әлемдік БАҚ менің фотосуреттерімді пайдаланып жатыр...

P/S P/S Осы жағдайдан шын көңіліммен күліп отырмын, өкінішке қарай, бұл қуаныштан емес, жағдайдың абсурдтылығынан туындаған күлкі”, деп жазған  блогер инстаграм парақшасында.

Апаттан 29 адам аман қалды. Олардың екеуі бала. Қазіргі уақытта барлығы ауруханада емделіп жатыр. Жеті адам  жансақтау бөліміне жатқызылған, жағдайы ауыр.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы берген тізімде Қазақстан азаматтары жоқ.

Олар: Ресейдің – 10 азаматы,

Әзербайжанның – 14 азаматы,

Қырғызстанның – 2 азаматы,

Германиядан келген 1 адам (қай елдің азаматы екені белгісіз),

Тағы 2 адамның азаматтығы белгісіз.

Бортта 69 адам болған, оның 5-еуі экипаж мүшесі.

Төтенше жағдайларды жою департаменті Авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары басқармасының бастығы Қайрат Жанаспаевтың мәліметінше, бортта 69 адам болған, оның 5-еуі экипаж мүшесі.

Олардың 42-сі Әзірбайжан, 6-ауы Қазақстан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы РФ азаматтары

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow