«Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade»: ҚМА атыраулық «стоматологтардың» байлығын жария етті

Қыркүйек 22, 2025 - 15:30
Қыркүйек 22, 2025 - 15:30
«Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade»: ҚМА атыраулық «стоматологтардың» байлығын жария етті

Жуырда Атырауда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты заңсыз шығарып келген 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкере болған еді.Қаржы мониторингі агенттігі осы іске қатысты видео жариялады. 

Бұған дейін Атырау облысында зейнетақы жинақтарын заңсыз шешіп алудың ауқымды схемалары әшкереленген еді. Қаржы мониторингі қызметкерлері «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-нан қаржыны заңсыз алу үшін жалған медициналық құжаттар рәсімдеумен айналысқан 5 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін анықтады.

Бұл схеманы іске асыру үшін күдіктілер Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және өзге қалаларда 30-дан аса «стоматологиялық клиниканы» ашқандай көрсеткен.

Алайда іс жүзінде бұл медициналық мекемелер тек қағаз жүзінде болған:

ғимараттары мен жабдықтары болмаған;
білікті қызметкерлері жоқ;
басшылары мен құрылтайшыларының медициналық білімі болмаған.
Жалған медициналық құжаттарды рәсімдегені үшін күдіктілер зейнетақы жинақтарынан шешілген қаражаттың 10-20%-ын өздеріне алып отырған.

Фиктивті клиникалар мен 226 дроппер арқылы 200 миллиард теңгеден аса қаржы шығарылды. Салымшылардың ақшасына күдіктілер құны 600 миллион теңгеден асатын 15 элиталы автокөлік (Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade),, сондай-ақ коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алған, – деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow