Мейрамбек Беспаев Түркияға емделуге кетті

Қыркүйек 3, 2024 - 11:04
Қыркүйек 3, 2024 - 22:00
 0  203
Мейрамбек Беспаев Түркияға емделуге кетті

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев Instagram-парақшасында Түркияның Cтамбул қаласына медициналық тексерістен өтуге кеткенін жазды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.

«Достар, Cтамбулдан сәлем! Денсаулыққа абайлаңыздар! Денсаулыққа байланысты қаралып тұратынымды білесіздер. Бүгін Cтамбул қаласына қаралуға келдім. Сіздерге де кеңес беремін! Денсаулықты күтіңіздер. Амандықта жолыққанша», - деп жазды ол.

«МузАРТ» тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаевтың соңғы кездері денсаулығына байланысты жиі тексерістен өтіп жүргенін байқауға болады. 

Еске салсақ, әнші сұхбаттарының бірінде зоб ауруымен ауыратынын, жылына 2 рет шетелге барып, дәрігерлерге қаралып тұратынын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0