«Министрліктен хат келді»: Ырысбала Икрамбайға қатысты тексеріс басталды

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзіне тексеріс келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы Туризм және спорт министрлігінен хат келгенін көрсетті.
“Таңертең ұйқыдан тұрсам, министрліктен хат келді. Күйеуімнің туған күнінде тосынсый болды. “Істеп жүрген іс-әрекетіне түсініктеме берсін” депті. Сорлылар, өздері бола алмайды, болғанды көре алмайтындардың тірлігі. Өздерін тексерсең, қалталарынан көк тиын шықпайды. Өткен жылы да тексеру келген. Сол кезде Астанаға арнайы барып, түгел құжаттарымның есебін көрсеттім. Жұмыстарымның шынайы екенін дәлелдеп шықтым. Қорғаушысыз, адвокатсыз сотқа қатысып келдім. Не істеп жүргеніме жауап бере аламын. Сендер секілді арамзалардың сөзі маған өтпейді. Жазатын жердің бәріне жазыңдар. Халықтың арқасында байып кетемін. Әлі мен самолет аламын”, – деп жазды Ырысбала.
Айта кетейік, желіде Гүлім Болатжан есімді көпбалалы ана блогердің жинаған 13,5 миллион теңгесін ала алмағанын айтқан еді.
Сөзінше, халықтың қолдауымен жиналған 13,5 миллион теңге оған жетпей қалған. Себебі қайырымдылық қорын басқаратын Ырысбала Икрамбаева "Сіз билікке қарсы екенсіз ғой" деп қаражатты беруден бас тартқан. Алайда блогер бұл айыптауға да жауап берді.
“Мына әйелді танитындар бар ма?! Гүлім Болатжан деген осы. Әлемдегі жалғыз періште, жылдар бойы мені қаралап жүр. Осы қатынға ғана Ырысбала үй бермейді екен, Асар-Уме тұруға жарамсыз үй береді екен. Төрт баланы қайда тастаймын дейді. 4 баласының үлкені 11-сынып бітіріп жатыр екен! Көмек қажет деп халыққа алақан жайып жүргеніне 11 жыл бітеді. Бұл қатынның мұқтаждығы қашан аяқталады? Қол жаюды намыс емес, кәсіп қылып алған бұл әйел", – деп ашуланды блогер.
Сіздің реакцияңыз қандай?






