«Өмірім көз алдымнан өтті»: Алматылық бойжеткен өзін бейтаныс адамның аңдығанын айтты

Жалғыз қайтып бара жатқан қызға әр еркек маньяк болып көрінеді. Осыны бұлар қашан түсінеді?!

Маусым 9, 2024 - 12:17
Маусым 9, 2024 - 12:18
«Өмірім көз алдымнан өтті»: Алматылық бойжеткен өзін бейтаныс адамның аңдығанын айтты
Фото: pravmir.ru

Алматылық бойжеткен артынан бейтаныс еркек үйіне дейін еріп келгенін айтып, жұрттан көмек сұрады,  - деп жазады   Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ол өз сөзінде бейтаныс ер адамның орынсыз әрекеті өзін қатты үрейлендіргенін айтты.

«Өмірім көз алдымнан өткен шығар, артымнан қалмай 4-қабатқа дейін үйіме еріп келді, мен дірілдеп сумкадан кілт іздеп, есікті 0,1 секундта жауып үлгердім. Жан керек болса не істемейсің. Есікті тарсылдатып ашта-аш деп қоймайды.

Жалғыз қайтып бара жатқан қызға әр еркек маньяк болып көрінеді. Осыны бұлар қашан түсінеді?! Таныспақ түгілі, көзінің қиығымен де қарамасын. Құдай сақтасын деп жүруші едім... Шүкір сақтады. Бірақ қорқыныш қалып қойды. Уайымым ертең үйге қалай қайтамын», - деп келтіреді алматылық бойжеткеннің сөзін abdulla_kz_kz Instagram парақшасы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow