«Мысық па, тышқан ба?»: Астанада тұрғын әкімдік асханасынан алған ет қосылған құймақтан түгі бар тері шыққанына шағымданды
Желіде тұрғын Астана әкімдігінің асханасындағы тағам сапасына шағымданды. Айтуынша, сатып алған ет қосылған құймақтың ішінен түктері бар тері шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйелдің айтқаны көпшілікті шошытты.
"Ет қосылған құймақ сатып алдым. Оның ішінде жүні бар тері шықты. Менің ойымша, құймақта сиыр еті болмады. Оған қоса бұл Астана қаласы әкімдігінің асханасында болып отыр. Әкімшілікке жүгіндім, бірақ ештеңе айта алмады", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары мұның кеміргіштердің немесе мысықтардың жүні болуы мүмкін екенін болжады. Кейбір пайдаланушылар бір кездері асханада жұмыс істегенін және санитарлық нормалардың бұзылуын байқағанын алға тартты.
"Фу, СЭС қайда қарап отыр?", "Мысық па, тышқан ба?", "Өзім аспазбын. Алайда асханалар мен кафелерден тамақтана алмаймын. Өйткені мен көптеген жерлерде жұмыс істедім. Аспаздардың тіпті қолдарын дұрыс жумайтынын көрдім. Барлығының санитарлық кітапшалары сатып алынған", — деп жазды көпшілік.
Астананың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шағым авторын тексеру жүргізу үшін Департаментке немесе аумақтық басқармаға жазбаша өтінішпен жүгінуге шақырды. Сондай-ақ, өтінімді "электрондық үкімет" порталы арқылы бере алатынын айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?