Мөлдір Мұқанова қуанышты жаңалығын айтты

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, актриса әрі әнші Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісіп, жанкүйерлерінен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Желіде жарияланған жазбасында ол оқырмандарының қолдауына алғыс айтып, қуанышын жасыра алмады.
— Күшті жаңалық! Қатты қуанып тұрмын. Алтын оқырман қолдауларыңыз мықты болды. Аллаға сансыз шүкір! Өздеріңіздің аппақ ниеттеріңізді қатты сеземін де, көріп те жүрмін. Шексіз алғыс! – деп жазды ол.
Ол сондай-ақ қыздарымен бірге өзінің жаңа әніне тренд түсіріп, әлеуметтік желіде би билеген сәтімен де бөлісті.
Қолданушылар бұл көрініске сүйсініп, өнерлі отбасыға жылы лебіздерін жазуда. Көпшілік Мөлдірдің шынайы қуанышына ортақтасып, отбастарына береке тіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






