Мұхамеджан Тазабек енді Мұрат Әбділданы айналдыра бастады

Қыркүйек 27, 2024 - 15:48
Қыркүйек 27, 2024 - 16:13
Мұхамеджан Тазабек енді Мұрат Әбділданы айналдыра бастады

Мұхамеджан Тазабек ұлтаралық алауыздық тудырды деген айыппен істі болып шыққан атышулы блоген Мұрат Әбділданы айналдыра бастады. 

Ол Мұраттың қапаста отырса да сынбай, мұқалмай шыққанына риза болған. Әрі қарапайым халықтың қамын ойлайтын азамат деп қолдау білдірген. 

Мұхамеджанның айтуынша, Әбділда көптің шынайылыққа деген сұранысына жауап беріп отыр.

"Мұрат Әбділда – қарапайым халықтың нағыз өкілі. Әйтпесе, елден ерекше, жұрттан артық ештеңе істеген жоқ. Бірақ көптің шынайылыққа деген сұранысына жауап берді. Жалпы халқымыз өтіріктен, жалған қарым-қатынастан шаршады. Кім не айтса да “алдамаса екен, шынайы болсақ екен” деген аңсау әркімнің жүрегінде тұр. Мұрат сияқты қапастан шықса да, қанаты сынбаған, мінезі мұқалмаған, қарапайым халықтың қамын ойлап, көкейіндегісін дәл айтатын бауырларымыз аман болсын!, – деді Мұхамеджан Тазабек.

Мұрат Әбділда инстаграмм желісіндегі тікелей эфир арқылы көпшілікке танылған блогер. 

Еске салсақ, ол 2022 жылы ҚР ҚК 174-бабы, яғни, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік алауыздықты азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер жасағаны үшін 4 жыл 6 айға сотталып, жуырда шартты жазамен босап шықты. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow