Музыкалық жас көрермен театры «Әміре» драмасының премьерасына шақырады
Астанадағы Музыкалық жас көрермен театрының репертуары тағы тың дүниемен толығып жатыр, деп хабарлады sadaq.kz.
2 желтоқсан күні «Әміре» музыкалық драмасының премьерасы өтеді. Драма авторы Қ.Жүнісов. Қоюшы режиссері – Асхат Маемиров.
Туынды ұлы әнші Әміре Қашаубаевтың Парижде өткен дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесінде өнер көрсеткеніне 100 жыл толуына орай қойылғалы отыр.
«Әміре» музыкалық драмасының премьерасы 2025 жылдың 2 желтоқсан күні сағат 19:00-де өтеді.
Музыкалық драма – театр саласындағы ерекше жанр. Осы жанрда сахналанған қойылымға ұлы әнші Әміре Қашаубаевтың өнері мен өмір жолы арқау болған.
1925 жылы Парижде өткен дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесіне алғаш қатысқан қазақтың халық әншісі, кәсіби қазақ театрының негізін қалаушылардың бірі Әміре Қашаубаевтың дала сахнасынан басталған шығармашылық жолы, зұлмат заман мен тұлғаның, өмір мен өнердің, аманат пен қиянаттың қақтығысы бейнеленген.
Қазақ дәстүрлі ән өнерінің тарихында ғажайып орындаушылық шеберлігімен өшпес із қалдырған Әміре Қашаубаев – ұлт мақтанышы. Әміре әндері – ұлтымыздың рухани құндылығы.
Қойылым тобы:
Қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.
Әміре Қашаубаев бейнесінде – Оразалы Игілік
Костюм суретшісі – Айдана Еңгебай. Жарық суретшісі – Ермек Мұхтарұлы. Дыбыс режиссері – Мерген Ажбаев.
Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 15 минут
Сіздің реакцияңыз қандай?