Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққан әншінің жағдайы ауыр (ФОТО)
"Нұр-Мұқасан" тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жегенін айтты. Аталмыш іске қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды sadaq.kz.
Заңгер Инга Иманбайдың айтуынша, Ғалымжан Сүлейменді күрделі ота күтіп тұр.
"Танымал әнші әрі актер Ғалымжан мырзамен кездестім. Оның қазіргі жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер қолы сынғанын, мұрны сынғанын, беті қатты ісіп-көгергенін растады. Алдағы күндері мұрнына жарақаттан кейінгі күрделі ота жасалмақ. Бұл тек денсаулыққа келген зиян емес. Бұл - адамның өміріне, еңбегіне, шығармашылығына жасалған қастық. Ғалымжан мырза дәл қазір түсіріп жатқан фильмінің жұмысы тоқтап тұр. Оның кесірін 40 адамнан тұратын бүтін бір кино тобы тартып отыр. Себебі бет-әлпеті қатты жарақаттанған адам камера алдына шығуға жарамайды. Бұл - нағыз масқара жағдай. Ең сорақысы - мәдениет саласының өкілдері өз әріптесін жабылып ұрып, есінен тандырып жібергені", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?