«Мұхаңа бүкіл қазақ қызы ғашық болған»: Тамара Асар Мұхамеджан Тазабектің жігіт шағындағы серілігін айтты

Мамыр 16, 2025 - 11:35
«Мұхаңа бүкіл қазақ қызы ғашық болған»: Тамара Асар Мұхамеджан Тазабектің жігіт шағындағы серілігін айтты
Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабеков қызы Фатиманы ұзатты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлады Sadaq.kz.
 
 «Бүгін қызым Фатиманың ұзатуы. Келін алып, қыз ұзату сіздерге де бұйырсын, жақындарым!», - деп жазды ақын.

Ақынның өнердегі достары да қатысқан тойда Тамара Асар Мұхамеджан Тазабектің жігіт шағындағы серілігін айтып, мақтады.

«Мұхаңның беделін бөлек айтайын. 93 жылдары, біз оқуға түскен кезде Мұхамеджан Тазабеков бүкіл мен қазақпын деген қыздың бәрін ғашық қылған. Әрбір жатақхананың есігі ашулы, дастарханы жаюлы болатын. Осы Мұхаң есіктен бір сығалар ма екен, бір төрт жол өлеңімді арнар ма екем деп армандаған Мұхаңның төрінде мен ән айтайын деп тұрмын. Мұха, ұшырғалы отырған балапаныңыздың бағы болсын», — деді Тамара Асар.

Желі қолданушылары мен ақынның қызына бақыт тілеп, ізгі тілектерін жаудыруда.

«Қызыңыз бақытты болсын, бізге жұғысты болсын», «Тамара Асар қандай әдемі, достық тілек айтты. Керемет», «Той құтты болсын, жастар бақытты болсын», «Сіздің сері, қыздардың арманы болғаныңызға күмәніміз болмаған», — деп жазды олар.

Ұзату тойды театр және кино актері Дәурен Әбиев жүргізген. Ал ақынның қызын ортаға әнші Салтанат Бақаева алып шықты. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow