Мұхтар Жәкішев Мәсімовтің зәулім сарайын аукционсыз сатып ала ма?

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы «Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайын аукционсыз сатып алмақ» делінген ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды sadaq.kz.
"Әлеуметтік желіде қайтарылған активтердің бірінің аукцион өткізілмей сатылатындығы, тіпті сатып алушының да бар екендігі туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды. Барлық актив активтерді басқару ережесін қатаң сақтай отырып, тек «E-Qazyna» мемлекеттік порталында ғана сатылады", - деп атап өтті аталған компанияның баспасөз қызметінен.
Сіздің реакцияңыз қандай?






