«Нәрестенің не кінәсі бар»: Талдықорғанда сотталған бухгалтердің бірі – жас ана

Сәби анасының омырау сүтіне мұқтаж.

Шілде 24, 2024 - 10:10
Шілде 24, 2024 - 11:04
 0  10.1k
«Нәрестенің не кінәсі бар»: Талдықорғанда сотталған бухгалтердің бірі – жас ана
фото: видеодан скриншот

Талдықорған қаласы білім бөлімінің және мектептерінің 21 бухгалтері 4,5 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Олардың бірі – 2 айлық баланың анасы.

Журналист Сандуғаш Дүйсенова нәрестенің анасына қатысты сот шешімімен келіспейтінін жазды.

Жоғарғы Соттың мәліметі бойынша, білім бөлімінің басшысы 3 жылға жуық уақыт ұрлықпен айналысқан әріптестер тобын басқарған. Оның құрамына бөлімнің 7 бухгалтері және 14 мектеп есепшісі бар.

Журналист және блогер Сандуғаш Дүйсенованың айтуынша, сотталған есепшінің бірі – Дана Шәріпованың 2 айлық баласы бар. Нәресте анасының омырау сүтіне мұқтаж. 

«4,6 млрд теңге жымқыру ісі бойынша сот аяқталды. Талдықорған білім бөлімінің бас бухгалтері 15 жылға бас бостандығынан айырылды! Ал баланың анасы 7 жылға сотталды! Сізде жүрек жоқ па?» - деп жазды ол. 

Айта кетейік, сотталғандардан 3 млрд теңгеден астам ақша, зергерлік бұйымдар, жылжымайтын және жылжымалы мүлік тәркіленді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Azattyq Ruhy 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 4
Ұнамады Ұнамады 4
Керемет Керемет 4
Күлкілі Күлкілі 7
Сұмдық Сұмдық 20
Қайғылы Қайғылы 17
Жарайсың Жарайсың 0