«Назарбаевты жерлейтін орын дайындап жатыр»: Уәлибек Әбдірайымов күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов AIRAN бағдарламасына берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты әзілдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Актер Нұрсұлтан Назарбаевқа мазар дайындалып жатқандығы туралы естіген әңгімесін әзілге айналдырғанын айтты.
"Түркістан қасымызда ғой. Бұл юмор болып кеткен шығар. Алдында келіп едім, сонда таныстырып жүрген балалар айтты. Мына жерде Нұрсұлтан Назарбаев жатады екен, соған дайындап жатыр екен деді. Мынау ма дедім. Жақсы болды, осында Абылай хан, Жолбарыс хан сынды батырлар жатыр, сабайтын шығар дедім. Әдемі болып, тура ортасына түсетін болды, осы араға жатса дұрыс болар еді дедім. Ондай адамдарға жаза жоқ екен ғой, енді менде үміт бар", - деді Уәлибек Әбдірайымов.
@qazaq.airan Назарбаевты жерлейтін орын дайындап жатыр ма? Сұхбаттың толық нұсқасын Qazaq Airan YouTube арнасынан көріңіз ♬ original sound - QAZAQ AIRAN
Сіздің реакцияңыз қандай?






