Назым Қызайбай украиналық боксшыны жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Бұрымды бокшымыз 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.

Қыркүйек 12, 2025 - 16:47
 0  27
Назым Қызайбай украиналық боксшыны жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, –  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұрымды боксшымыз 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.

ҚР ҰОК мәліметінше, ширек финалда отандасымыз украиналық Анна Охотамен қолғап түйістірді.

Назым Қызайбай алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп жіберді. Нәтижесінже еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем чемпионатында кем дегенде қола медаль алады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0