«Неге ерте алып барасың?»: Меруерт Түсіпбаева өлім аузынан аман қалғанын айтты

Шілде 10, 2026 - 14:57
app_badging Шілде 10, 2026 - 14:57
chat_bubble  0 visibility  19
«Неге ерте алып барасың?»: Меруерт Түсіпбаева өлім аузынан аман қалғанын айтты
Фото: Ашық дереккөз

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева бала кезінде суға кетіп, бір ажалдан аман қалғанын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі бұл оқиғадан кейін ұзақ жылдар бойы суға түсуден қорқып келген. Айтуынша, 13 жасында көлге батып, тұншығып жатқан сәтте өмірімен қош айтысатындай күй кешкен.

«13 жасымда көлге батып, судың астындағы шөптердің арасында жатып, сасық суды әбден жұтып, тұншығып жатқанда: "О, Құдай! Мені неге сонша ерте әкетіп барасың? Сонда менің әнші боламын деген арманым қайда?" деген ой келді», – деп жазды ол.

Меруерт Түсіпбаева арада шамамен 40 жыл өткен соң осы қорқынышын жеңуге бел буғанын айтты. Қазір ол жүзуді үйреніп жүр және фобиясынан арылу үшін бассейнге төртінші рет барғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0