Нығматуллиннің ұлы менің компаниямды тартып алды – кәсіпкер
Бизнесмен Қанат Амиркин Нығматулллинның үлкен ұлы Нұржан Нұрлановтың жол салатын ірі компаниясын тартып алғаны туралы өзінің Facebook аккаунтына жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бизнесменнің айтуынша, Нұржан Нұрланов өздерінің банкіне (Qazaq Banki) кредит алуға мәжбүрлеген. Алайда банк банкротқа ұшырап Қанат Амиркиннің ақшасын және кепілге қойған мүлкін өзімен бірге ала кеткен. Оның ішінде ВОАД автосалонына арналған жер учаскесіде кеткен. Ал бизнесменнің сөзінше, ол жай ғана банк кепілдігімен алданып қалған.
«Ол кезде олар бизнесмендерді түрмеге жабудан тайынбады. «Live-Alibi» хикаясы бәрінің есінде болса керек. Осындай тағдырдың алдын алу үшін маған кетуге тура келді», – деді бизнесмен.
Бизнесмен Нығматуллиннің үлкен ұлы қарызды қолма-қол ақша ретінде беруін айтты, алайда Амиркин қолма-қол ақшаның жоқ екенін және оған тек 1 млн доллар бергенін түсіндіріп айтқанда, ол ақшаны өзінің жеке банк картасына аудару талап еткенін айтты. Содан кейін бизнесмен оларды кешіргенін де жасырмады.
Мен жағдайды баяғыда ұмытып, оларды кешірдім. Бірақ кейінірек, олар өздері қашып жүргенде, ол Дубайға маған арадағы кикілжіңді ұмытуды ұсынды. Кездесуде оның 7-8 миллион долларға жуық ақша мен көлік алғанын еске салдым. Бұған ол жартысы ғана жеткенін, ал қалғанын көмекшілері алғанын айтты.
Амиркиннің сөзінше, Нығматулиннің ұлы салықты өзі төлейтінін де айтқан.
Салық органдары менің елден мәжбүрлі түрде кеткенге дейін жиналған салықты менен Нығматулин таңдаған компанияның мүлкі үшін (Нұрлановтың төлқұжаты бойынша) өндіріп алу туралы шешім қабылдағанда, мен оған телефон соқтым. Бұл онсыз да артық екенін айтып, салықты өздері жабуды ұсынды.
Сондый-ақ Нұржан Нұрланов Қанат Амиркинге «Маған бәрібір, мен енді Қазақстанның азаматы емеспін. Өз проблемаларыңызбен айналыс» деп жауап қайтарған. Ал Амиркин бұл туралы 2017 жылдан бері үндемегенін, бұл жағдай туралы ешкімге тіс жармағанын айтты. Оның сөзінше, ол Қазақстанда тұратын отбасы үшін уайымдаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?