Нұрсұлтан Назарбаевтың тоқалы сұлулығымен көзге түсті(ФОТО)
«Мен үшін әрдайым өнерге жақын болу маңызды еді. Әсіресе, оның жалғасы боп жүрген жандардың жанында жүру ерекше мәнге ие. Ғажайып @assel_issabayeva_ менің көзқарасыммен», – деп жазды ол.
«Әсел маған екі перзент – алтын асықтай екі ұл сыйлады. 2005 жылы Тауман, 2008 жылы Бәйкен дүниеге келді. Жасым алпыстың бел ортасына келгенде әке болу қуанышы, перзент сүю бақыты басыма қайта қонды. Балаларымның тәй-тәй басқаны, тілі шыққаны, былдырлап сөйлегені, ойыншықтармен ойнағаны, екеуін екі қолыма алып, көтеріп жүретінім, мектепке барғанын, әріптерді танығанын қызықтағанымыз, жұмыстан келгенімде алдымнан жүгіре шығатындары... Мұның бәрі жаңа Астана салудың қиын-қыстау кезеңін жеңілдеткендей де еді. Осыларды ойласам, ет жүрегім елжіреп сала береді. Тегінде, адам баласына ең басты бақытты, ең баянды бақытты бала ғана, перзент қана бере алатын болса керек. Үш перзентімді, үкілеген үш қызымды - Дариғаны, Динараны, Әлияны дүниеге әкелген, жас шағымнан жаныма жалау болған, небір сын сағатта қасымнан табылған Сараға бар ғұмырымда ризамын және қамқоршымын. Сол қилы кезеңде де мені түсінгенін, кешіргенін мына өмірдегі бір жұбанышым көремін. Тауман туғанда Алматыға, алдына барып, бар жайды ақтарып, айыбымды айтқанымда тектілігін тағы да танытып еді айтулы әулеттің перзенті. «Бала - періште. Бала бақытты болып өссін»,- деді сонда Сара. Қыздарым да мені дұрыс ұқты. Сара Алпысқызының қай әйел үшін де қиын сынақта танытқан кеңдігінің бір себебін іштей сезетін де сияқтымын», – деп жазды Назарбаев кітабында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0