«Оған «Хабиб» деп ат қойғансыздар»: Нұрила Ақберген өзін сынаған «Меломен» жігіттеріне жауап қайтарды

Маусым 25, 2024 - 11:59
Маусым 25, 2024 - 12:00
«Оған «Хабиб» деп ат қойғансыздар»: Нұрила Ақберген өзін сынаған «Меломен» жігіттеріне жауап қайтарды

Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген өзін «хайп жасап жатыр» деп сынаған «Меломен» тобының жігіттеріне жауап берді, деп жазады Sadaqmedia.kz.

Оның айтуынша, күйеуінің өзіне қол көтергенін олар біледі. Нұрила Ақберген желіде өзін қаралаған күйеуінің достарына өкпе-ренішін айтты. Сөзінше, олардың әйелдері де бұл жағдай жөнінде хабардар.

Тағы оқыңыз: «5 жыл бойы таяқ жедім»: Достары Ғабит Бибасыұлының әйелінің сөзін жоққа шығарды

«Жігіттер, ол ұрмадым деген жоқ. Ол бұл ісін мойындап тұр. Мені шындығымды айтқаным үшін кінәлап тұр. Сіздер бәрін білесіздер. Кезінде Ғабиттің ұрғанын жақсы білдіңіздер. Оған тіпті «Хабиб» деп ат қойып, әзілдегендеріңізді де білемін. Сол үшін ұялсаңыздаршы. Ұяттың да шегі болады. Басқаша қорғаңыздар. Шындықты біле тұра жасырып, зорлық-зомбылықты қолдау - нағыз ұят осы. Қазақ жігіттері дегенге келмейді. Олардың әйелдері менің шекемнің ісіп жүргенін көрді. Көлсайға баратын болып, жиналып жатқанда Ғабит екеуміз сөзге келіп, сол кезде де таяқ жедім. Соны әйелдері біледі. Сол кезде ғана оның қол көтеретінін айттым. Оған дейін айтпағанмын. Енді маған күйе жағулары ессіздік. Ұялу керек», - деді Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі «Көзқарас» подкастында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow