«Өкінемін»: Әйгілі қазақ самбошысы көше сыпырып жүр

Шілде 11, 2025 - 14:34
«Өкінемін»: Әйгілі қазақ самбошысы көше сыпырып жүр
фото: видеодан скриншот

Желіде тараған видео елді елең еткізді. Әйгілі қазақ самбошысы, Азия чемпионы Айсара Керімбекова бүгінде Алматы көшелерін сыпырып жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір кездері Қазақстанның атын әлемге танытқан спортшы ауыр тұрмыстың салдарынан қара жұмыс істеп жүр.

"Басқаша болар еді" деп өкінішін жеткізген чемпионның жағдайына көпшілік бейжай қарай алмады. Көше сыпырып жүрген самбодан екі мәрте әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Айсара Керімбекова екен. 1980–1990 жылдары халықаралық ареналарда ел намысын қорғап, жеңіс тұғырынан түспеген спортшы бүгінде қарапайым жұмысшы.

TikTok-та жарияланған кадрларда оның 60 жас мерейтойында мойнына тағылған ондаған медаль көрінеді. Сол сәтте көз жасын тыя алмаған қонақтар да, желі қолданушылары да: 

"Бұл әділетті ме?" деген сұрақ қойып жатыр. Өкінемін. Әрине, бұлай болады деп ойламадым. Бірақ тағдыр солай алып келді. Отбасымда деменциямен ауыратын әпкем бар, ұлым жұмыссыз. Асырауым керек. Бір бөлмелі пәтерде тұрамыз. Жұмыс істеуден қашпаймын, – дейді Айсара апай. 

Айсара Керімбекованың жетістіктері аз емес:

• Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1988, 1992)

• КСРО Кубогының күміс иегері (1989)

• Азия чемпионы (1992)

• Азия біріншілігінің қос қола жүлдегері

• КСРО халықтарының Спартакиадасының қола жүлдегері (1991)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow