«Өлсем де аямайтынын түсіндім»: Атырау облысында күйеуі жүкті әйелін ұрып-соққан
Атырау облысының Индер ауданында күйеуінен таяқ жеген жүкті әйел ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
32 жастағы Ақбөбек Оразбаева – үш баланың анасы, қазір төртінші сәбиін күтіп жүр. Оның айтуынша, күйеуі бұған дейін де бірнеше рет қол көтерген. Бұл жолы ер адам үйге мас күйінде келіп, әйелін ұрған. Ақбөбек балаларын алып, көршісінің үйіне қашып, сол жерден жедел жәрдем шақырған.
“Жатқан едім, сол кезде екі рет ұрды. Басым, құлағым бәрі шыңылдап кетті. Сол кезде кіші қызым тұрды, балаларымның екеуі де ояу жатқан екен. Олар қорыққаннан, ұйықтап жатқан кейіп танытқан. “Мама, біз қатты қорықтық” дейді. Аямайтынын түсіндім, өліп кетсем де сол жерде”, - дейді Ақбөбек Оразбаева.
Әйелдің сөзінше, ауруханаға келген полиция қызметкері оны қорғаудың орнына «отбасыңды сақта» деп сабырға шақырған. Полициядан көмек сұраудың ешқандай нәтиже бермей келгенін айтты.
Ақбөбек ауруханаға үш күн бұрын түскен. Дәрігерлер оның жағдайы қалыпты екенін, алайда миы шайқалып, ем алып жатқанын мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0