Оралда 15 жастағы мектеп оқушысын зорлаған күдіктіге іздеу жарияланды

Оралда мектеп оқушысына зорлық көрсетті деген күдікпен ер адамға іздеу жарияланды. Бұл туралы sadaq.kz сайты “Уральская неделя” Тelegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Іздеу туралы хабарлама 29 қыркүйек кешкі уақытта шықты. Алайда полиция бұл оқиға туралы ақпаратты өте шектеулі көлемде беріп отыр. Олардың күдіктіге іздеу жарияланғаны туралы ресми мәлімдемесі әлеуметтік желілерде Зачаганск елді мекенінде қыз балаға зорлық жасалғаны жайлы ақпарат тарағаннан кейін ғана пайда болды.
Қазіргі уақытта қыз бала ауруханада. Бірақ оның жағдайы туралы нақты мәлімет жарияланған жоқ.
Биыл Батыс Қазақстан облысында балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстардың саны артқан. Егер 2023 жылы сотта мұндай 10 іс қаралса, 2025 жылдың 8 айында – 12 іс тіркелген.
Бір күдікті бала зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Тағы екі сотталған адамға балаларға қатысты зорлық жасағаны үшін химиялық кастрация жазасы тағайындалды. Бұл шара олар жазасын өтеп болғаннан кейін қолданылады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






