«Орамалды әйелдің интим тақырыпта сөйлегені - ұят»: Имам коуч-психологтар туралы айтты (ВИДЕО)

Сәуір 7, 2025 - 17:29
«Орамалды әйелдің интим тақырыпта сөйлегені - ұят»: Имам коуч-психологтар туралы айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіп орамалды әйелдердің интим тақырыпта сөз қозғайтындар туралы айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

”Қазіргі таңда ол мейлі орамал таққан, тақия киген әртүрлі коучтар белден төмен әңгіме бұл кішкене ұятқа алып баратын нәрсе. Экранның алдында отырып алып әртүрлі сөздерді қолдану , әртүрлі сөздерді айту, тіпті іс-әрекетімен көрсету бұл былайша айтқанда ұяттың ұяты. Алла өзі кешірсін, бұл арсыздыққа алып баратын қылықтар”, — деді имам.

Сұхбат кезінде имам коучтарға қарсы екенін айтты.

”Қазіргі коуч-психологтардың қоғамды улап жатқан нәрселер, мен оған қарсымын. Біз қазақи отбасымыз. Ата-ене, келін деген ұстаным бар. Бұл ұстанымды біз жоққа шығара алмаймыз. Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты деген ата-бабамыз адасты ма? Адасқан жоқ. Бұл бар нәрсе”, — деді имам Ерболат Жүсіп.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow