Өртенген ГАЗель көлігі: Алматы ТЖД басшысы жұмыстан қуылды

Шілде 11, 2025 - 17:25
Өртенген ГАЗель көлігі: Алматы ТЖД басшысы жұмыстан қуылды
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев лауазымынан кетті, деп жазады sadaq.kz.

"Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымындағы кадрлық өзгерістер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысы жоқ. Ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз", – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Еске салайық, 9 шілдеде Назарбаев даңғылында "Газель" көлігі өртеніп, жарылыс болған. Алайда дау өрт шыққаннан кейін емес, өрт сөндірушілер келген кезде басталды – олар оқиға орнына суы жоқ көлікпен келген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow