Өскеменде үш жас жігіт қайғылы жағдайда көз жұмды

Мамыр 6, 2026 - 16:05
 0  11
Өскеменде үш жас жігіт қайғылы жағдайда көз жұмды
Фото: Pixabay

Өскемен қаласының жанындағы Первомай кентінде ірі жол апаты орын алып, үш жас жігіт қаза тапқан, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Первомай кентінің әкімдігі ресми сайттарында үш жігіттің отбасына көңіл айтып, ата-аналарға ескерту жасаған.

«Біздің кентімізде ауыр қаза орын алды. Жап-жас үш жігіт қатар қаза тапты. Бұл балалардың ата-аналары мен отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Және баласы мотоцикл мініп, көлікке отыратын балалардың ата-аналары мынаны қаперге алса дейміз: оларға жылдамдықтың «жау» екенін айтып, қауіпсіздік ережелерін үйретсеңіздер», - деп жазылған ақпаратта.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті оқиғаны растап, жол апатының себебі анықталып жатқанын хабарлады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0