Ойыншығын құшақтаған сүйкімді маймыл: Анасы бас тартқан Панчтың тағдыры

Ақпан 17, 2026 - 11:21
Ақпан 17, 2026 - 11:59
 0  2
Ойыншығын құшақтаған сүйкімді маймыл: Анасы бас тартқан Панчтың тағдыры

Бүгінде әлеуметтік желілерде кішкентай маймылдың жұмсақ ойыншықты құшақтап алған видеосы тарап, әлемдік трендке айналды. Бірақ мұның артында үлкен мұң мен мейірім жатқан нағыз өмірлік хикая. Жапонияны ғана емес, бүкіл интернет әлемді тебіренткен осы оқиғаның мән-жайын Sadaq.kz мәлімдейді.

Панч (Punch) есімді бұл кішкентай макака 2025 жылдың шілдесінде Жапониядағы Ичикава (Ichikawa Zoo) хайуанаттар бағында дүниеге келген. Алайда, табиғаттың қатал заңымен Панчтың анасы босанғаннан кейін көп ұзамай өз сәбиінен бас тартты.

"Орангутан-ана"

Маймыл баласы үшін анасының артынан қалмай, тіпті жабысып жүруі — өмір сүрудің басты шарты. Жалғыз қалған Панчтың қатты мазасызданғанын көрген күтушілер оған түрлі жұмсақ заттар мен көрпелер ұсынған. Сонда кішкентай макака өзіне серік ретінде жұмсақ орангутан қуыршағын таңдап алды. Ол бұл ойыншықты жай ғана ұстап жүрмейді, оны нағыз анасындай көреді.

Оны құшақтап жүреді, онымен бірге ұйықтайды, ал егер басқа жас маймылдар оны мазаласа немесе "ұрысса", Панч ойыншығын өзіне "қалқан" ретінде пайдаланып, соған тығылады.

2026 жылдың қаңтар айының ортасында Панч үшін маңызды кезең басталды: ол зообақтағы басқа макакалар тобына қосылды. Жаңа ортаға бейімделіп жатықаү ол, әлі де өзінің жұмсақ "серігіне" өте жақын болып, одан жылулық іздеуін тоқтатқан жоқ.

Панчтың танымал болғаны соншалық, Ичикава зообағына оны өз көзімен көріп, жылулық білдіргісі келетін адамдардың саны күрт артып, ұзын-сонар кезектер пайда болды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0