"Өзін актер санайтын іні-қарындастардың мұндайда қарасы көрінбегені жүректі мұздатты"

Желтоқсан 29, 2025 - 15:36
Желтоқсан 29, 2025 - 16:13
 0  9
"Өзін актер санайтын  іні-қарындастардың мұндайда қарасы көрінбегені жүректі мұздатты"
Фото: Бекжан Тұрыстың парақшасынан

Әлеуметтік желіде белгілі актер Бекжан Тұрыс марқұм Нұрлан Сегізбаевқа арнап жазба қалдырды деп, хабарлайды sadaq.kz.

"Менің атым Қожа" фильміндегі Қожа рөлін сомдаған Нұрлан аға Санжарұлы Сегізбаев дүниеден өтті дегенді естігенде балалықтың бір бөлшегі үнсіз ғана мәңгілікке көшіп бара жатқандай әсер етті. Сөйте тұра ол біздің жүрегімізде Қожа бейнесімен өмір сүре береді... "Менің атым Қожа" жәй кино емес, ол – біздің балалығымыз. Ал сол балалыққа жан бітірген Нұрлан аға еді..."

Актер жазбасында Нұрлан Сегізбаевтың жазушылық қабілетін қазақ тілді аудитория біле бермейтінін айтты. Нұрлан Санжарұлының орыс тілінде жазылған бірнеше кітаптары бар. 

"Ұлт жүрегінен орын алған сүйікті Қожа-Нұрланмен қоштасу қай жерде өтетіні жан-жақты хабарланса, қалың қазақ жиналар еді-ау. Жасырып қайтем, әншейінде киноларға, сериалдарға түсіп жататын, өзін актер санайтын іні-қарындастардың мұндайда қарасы көрінбегені жүректі мұздатты, жанды жаралады, көңілге мұң ұялатты. Нұрлан аға енді біздің естелігімізде өзіне ғана жарасатын әдемі күлкісі мен жүректен шыққан шынайы бейнесі арқылы жасай алады. Қош, аға! Тәніңіз азаптан құтылды, жаныңыз жұмақтан орын алғай!", – деп жазды актер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 3
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0