«Өзінің анасы жоқ па?»: Алматыда жүргізуші қарт әжейді автобустан түсіріп жіберген (ВИДЕО)

Желтоқсан 25, 2025 - 10:50
Желтоқсан 25, 2025 - 10:50
 0  15
«Өзінің анасы жоқ па?»: Алматыда жүргізуші қарт әжейді автобустан түсіріп жіберген (ВИДЕО)

Алматы қаласында қоғамдық көлікте болған оқиға көпшіліктің ашу-ызасын тудырып жатыр. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жүргізушінің егде жастағы әйелді автобустан күшпен түсіріп кеткенін байқауға болады. 

Куәгерлердің айтуынша, автобус салонында жағымсыз иіс шыққан. Осыған байланысты кейбір жолаушылар жүргізушіден тыныс алу мүмкін емес екенін айтып, қарт әйелді көліктен түсіруді талап еткен. Нәтижесінде егде жастағы жолаушы аязды күні аялдамалардың бірінде жалғыз қалдырылған.

Оқиға қаладағы №118 бағыттағы автобуста болған.

“Бір сәтте автобустың ішінде қатты зәрдің иісі сезіле бастады. Алғашында мән бермедім, иіс сырттан кіріп жатыр деп ойладым. Алайда біраз уақыттан кейін басқа жолаушылар да иіске шағымдана бастады. Жағымсыз иістің бір әжейден шығып жатқаны анықталды”, – деп жазды желі қолданушысы.

Жүргізуші жолаушылардың шағымдары мен өтінішін ескере отырып, әжейді аялдамалардың бірінде түсіріп кетуге мәжбүр болған.

“Жолаушылар тасымалы ережелерінің белгіленген нормаларына сәйкес, егер жолаушының салонда болуы айналасындағыларға айқын қолайсыздық туғызса немесе санитарлық талаптарды бұзса, жүргізуші мұндай жағдайға әрекет етуге міндетті. Аталған оқиғада да жолаушылардан бірнеше рет шағым түскеннен кейін осындай шешім қабылданды. Жүргізуші сыпайы әрі дұрыс әрекет етті, жүргізуші тарапынан ешқандай заңбұзушылық болған жоқ”, – деп жауап берді автопарк өкілдері.

Бұл жағдай желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік мұндай әрекеттің адамгершілікке жат екенін жазған.

«Өз аналары жоқ па?», «Бұл – қорлық», «Қарт адамға көмектесу керек еді», «Мұндай жағдайда түсірмей, қолдау көрсету қажет болатын»,– деп сынды жазбалар қалдырған.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0