Павлодарда төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Павлодар–Кенжекөл тасжолында төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жол-көлік оқиғасы әлеуметтік желіде тараған ақпараттан кейін белгілі болды. Кейін Павлодар облысының полиция департаменті апатқа қатысты мәліметті нақтылады.
Ведомствоның мәліметінше, жол апатына УАЗ Patriot, Audi 100, BMW және Lada Priora көліктері қатысқан. Соқтығыс салдарынан бір адам көз жұмып, бес адам түрлі жарақат алған.
Апаттан 1977 жылы туған ер адамның көз жұмғаны және 2003, 2004 және 2006 жылдары туған алты адамның зардап шеккені туралы ақпарат тараған. Олардың біреуі, 2006 жылы туған жасөспірім ауруханаға жатудан бас тартқан.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары барған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0