«Пайдалы ұрпақтан бол»: Тұрсынбек Қабатов қызының мектеп бітіру кешіне барды
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен белгілі продюсер Мөлдір Мұқан ортаншы қыздарының мектеп бітіру кешінде көзге түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл қуанышты Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, қызына әсерлі жазба арнады.
«Менің әлемім, әлемге ашық, өмірге ғашық Айымым мектеп бітірді. Ақ колготки, ақ бантик тағып, ақ күртешеңді үтіктеп, оқу-құралдарыңды түгелдеп, күнде таңда оятып, еркелетіп сабағыңа апарған әр сәтіміз есімде. Достарың да көп, білімге де құштар болып, мектептің де әр іс-шарасында белсенді қатысып, жүлделі орындар алып жүрдің. Тәттім менің, оқушылық кезеңіңді ақылмен, санамен аяқтағаның үшін, әр жетістігіңмен мені аналық бақытқа бөлегенің үшін рақмет. Өзіңнің дара жолыңды тауып, еліңе, қоғамға пайдалы ұрпақтан бол, Айым қызым», – деп жазды ол.
Мектеп бітіру кешіне Тұрсынбек Қабатов та қатысып, қызына гүл шоқтарын ұсынды. Әкесінің қыздарына деген ерекше махаббаты көпшілікті сүйсінтті.
«2026 түлектерінің ата-аналарын құттықтаймын. Айым қызым Нұрорда мектеп-лицейін тәмәмдап жатыр. Жаным сол, барлық армандарың орындала берсін», – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0