Перизат Қайрат анасымен бірге сотталатын болды

Сәуір 3, 2025 - 11:33
 0  59
Перизат Қайрат анасымен бірге сотталатын болды
фото: kursiv.kz

Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлім етті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Келтірілген залал сомасы – 3,5 миллиард теңге. Иә, расында да Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс аяқталды. Қазіргі уақытта процестің қатысушылары іс материалдарымен танысу сатысында. Қосымша айта кетейін: тергеу барысында залал сомасына қатысты түрлі мәліметтер айтылған болатын, алайда қазіргі таңда нақты сома – 3,5 млрд теңге деп белгіленді, – деді Елемесов Сенаттың кулуарында.

Оның айтуынша, Перизат Қайрат гүл дүкенін сатып алуға ақша салып, өзін кәсіпкер ретінде көрсетуге тырысқан.

Сондай-ақ оның анасының үстінен де “алаяқтық” бабы бойынша іс қозғалды. Ол ақшаны жылыстату бабы бойынша күдікті. Ол қызына көмектесіп, түскен ақшаны өз шотына аударып отырған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0