Перизат Қайрат әзірге жұмыссыз: Сәнқой қыз түрмеде сәнгер болуы мүмкін
Алаяқтықпен сотталған қайырымдылық қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат колонияда әлі жұмысқа орналаспаған, бірақ болашақта жұмысшы мамандықтарының бірі киім модельері кәсібін меңгеруі мүмкін, деп хабарлайды Sadaq.kz. Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Осыдан жарты жыл бұрын сот Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Алайда Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) мәліметінше, мекемеде бос жұмыс орындарының болмауына байланысты ол қазіргі уақытта жұмыс істемейді.
«Сотталған әйелдер арасында ең сұранысқа ие мамандықтар — тігінші, шаштараз, визажист, кондитер және пішініші. Әркімнің еңбек бостандығына, қызмет түрі мен мамандығын еркін таңдауына құқығы бар», — деп хабарлады ҚАЖК.
Перизат Қайрат үш жыл бойы Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорын басқарды. 2024 жылдың қарашасында ол су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды. Тергеу бойынша, қаражаттың бір бөлігі жылжымайтын мүлік, автокөлік сатып алу және шетелдік сапарлар сияқты жеке қажеттіліктерге жұмсалған.
Кейінірек Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде жиналған қаражатты да иемденді деген күдікке ілінді. 2025 жылдың наурызында қор сот шешімімен таратылды.
Шілде айында сот Перизат Қайратты орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айырды. Оның анасы Гайни Алашбаева 7 жылға сотталды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0