Перизат Қайрат түрмеде жатып ақша табатын болды
Қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырып, 10 жылға сотталған Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Сотталушы сот шешіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатыр және қазірдің өзінде жұмысқа орналастырылған. Ол қызметтік үй-жайларды тазалау жұмыстарын атқарады», - делінген жауапта.
Айта кетейік, Перизат Қайратқа тиесілі болған 79 млн теңгелік Mercedes автокөлігі аукционға шығарылған еді. Алайда кейін ол мемлекеттік органның балансына берілді.
Көлікті нақты қай мекеме алғаны әзірге белгісіз.
Тасқын кезінде халықтан жиналған қаражатты мақсатсыз пайдаланған Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0