Президент су тасқынына байланысты жиналыс өткізеді

Наурыз 30, 2024 - 12:12
Наурыз 30, 2024 - 12:12
Президент су тасқынына байланысты жиналыс өткізеді

Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан келгеннен кейін су тасқынына қатысты жиналыс өткізеді деп хабарлады Ақорда.

Аймақтардағы апат мемлекет басшысының назарында екені айтылды. 

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр. Бүгін мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін премьер-министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді. Қабылданған шешімдер туралы  жұртшылыққа тез арада хабарланады”, – деді Ақорда. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow