Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтеді

Наурыз 13, 2025 - 10:13
Наурыз 13, 2025 - 10:15
 0  21
Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтеді
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.

Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары: 2022 жылы – Ұлытауда, 2023 жылы – Түркістанда, 2024 жылы – Атырауда өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0