Президент жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды

Қыркүйек 8, 2025 - 11:25
Қыркүйек 8, 2025 - 11:32
Президент жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды
Фото: Видеодан скрин

Бүгін Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз алдағы үш жылда жаппай цифрлы елге айналу керек деген тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің айтуынша, «жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе, жастардың болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр».

«Басқаша болуы мүмкін емес. Себебі, бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертіп жатыр. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуіміз керек. Әйтпесе, артта қалудың салдары қауіпті болады. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлы ел болу керек», - деді Тоқаев.

Осы мақсатқа жету үшін Президент жаңадан жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow