«Президент жанында жүріп құтырып кетіпсіз»: Нұрлан Қоянбаев пен Әділ Балтабаев арасында жанжал шықты

Қазан 1, 2025 - 17:43
«Президент жанында жүріп құтырып кетіпсіз»: Нұрлан Қоянбаев пен Әділ Балтабаев арасында жанжал шықты
Фото: әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде журналист Әділ Балтабаев пен продюсер Нұрлан Қоянбаевқа қатысты дау туындады, деп хабарлайды sadaq.kz.

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы ойыннан кейін, "PRESIDENT" жобасының жүргізушісі Әділ Балтабаев футбол тақырыбында жазба жариялап, Нұрлан Қоянбаевтың әзілдерін "орынсыз" деп бағалады.

Ол блогер Артур Асқарұлының "Қайратты" қолдауын үлгі етіп көрсетіп, кейбір блогерлердің футбол емес, Мбаппенің чемоданын талқылағанын сынға алды. Сондай-ақ Балтабаев "біздің жігіттерге әзіл емес, қолдау қажет" деп жазып, Қоянбаевтың футболшыларға қатысты қалжыңдарын орынды көрмейтінін жеткізді.

Алайда бұл пікір көпшіліктің наразылығын туғызды. Әсіресе, Балтабаевтың Нұрлан Қоянбаевты тек фамилиясымен атауы оқырмандардың ашуын шақырды.

"Қалай журналист болып жүр? Әр жазбасын оқығанда жиіркенесің. Қоянбаев сізден артық патриот екенін білесіз бе?" – деп жазды желі қолданушылары.

Көптің сынына жауап ретінде Нұрлан Қоянбаев өзі пікір қалдырды:

"Балтабаев, президенттің жанында жүрсіз деп шектен шығып кеткен жоқсыз ба? "Коянбаев" емес, "Нұрлан Қоянбаев" деп жазсаңыз дұрыс болар еді. Егер патриот болсаңыз, қазақша жазыңыз", – деді ол.

Оған қоса, продюсер әрі бұрынғы жайдарманшы Мәлік Хасенов те пікір білдірді. Ол Қоянбаевпен 15 жыл бойы бір сахнада жүргенін айтып, ешқашан оны тек фамилиясымен атамағанын жеткізді. Оның айтуынша, үлкенді құрметтеу – қазақи дәстүр, ал Нұрлан Қоянбаевтан асқан патриотты ол танымайтынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow