Президенттің тапсырмасымен өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

Қараша 18, 2025 - 10:21
Президенттің тапсырмасымен өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

Президенттің тапсырмасымен өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған комиссия құрамына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы енгізілді.

Бұған дейін Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтып, Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырған еді.

Жеке үйдегі өрт салдарынан 12 адамның қаза болуына байланысты полиция тергеу басталды. Түркістан облысы полициясының хабарлауынша, Жетісай ауданындағы өрт фактісі бойынша

«Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow