Қазақстанда студенттердің стипендиясы өседі

Тамыз 27, 2024 - 11:35
 0  102
Қазақстанда студенттердің стипендиясы өседі

Жаңа жылдан бастап қазақстандық студенттердің шәкіртақысы 15-20 пайызға өседі. Бұл туралы үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жоғары оқу орындарының студенттеріне стипендия мөлшерін орта есеппен 15-20%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Нәтижесінде стипендияның орташа мөлшері бакалавриат студенттері үшін 52 372 теңгені, магистратура үшін 117 098 теңгені құрайды», деді ол үкімет отырысында.

Сонымен қатар келесі жылы гранттар саны 2 500 орынға артады. Осылайша қосымша орындарды ескере отырып, 2025 жылы шамамен 78 мың білім гранты бөлінеді.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0