«Рэкетир» фильмінің жұлдызы Мұрат Бисенбин өмірден өтті

Қаңтар 8, 2026 - 12:51
 0  56
«Рэкетир» фильмінің жұлдызы Мұрат Бисенбин өмірден өтті
Фото: instagram.com/murat_bissenbin

Белгілі қазақстандық актер Мұрат Бисенбиннің дүниеден өткені белгілі болды. Қаралы хабарды оның қызы әлеуметтік желі арқылы жеткізген, деп жазады sadaq.kz.

Марқұм 1972 жылғы 11 қазанда дүниеге келген. Ол 2026 жылғы 8 қаңтарда өмірден озды.

Актердің қазасы өнерсүйер қауым мен әріптестері арасында үлкен қайғыға айналды. Әлеуметтік желі қолданушылары марқұмның отбасына көңіл айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Мұрат Бисенбин қазақ киносы мен театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған актер ретінде көрермен жадында сақталады.

Марқұмның жаназасы мен жерлеу рәсімі туралы ақпарат кейінірек хабарлануы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0