Ресей әуе апатына кінәлілерді тауып, жауапқа тартпақшы

Желтоқсан 30, 2024 - 16:50
Ресей әуе апатына кінәлілерді тауып, жауапқа тартпақшы
Әзербайжан бас прокуратурасының мәліметінше, Ресей Ақтау маңында болған әуе апатына кінәлілерді тауып, оларды жауапқа тартуға уәде берді, деп хабарлайды Orda.kz.
 
Әзербайжан бас прокуроры Камран Әлиев оқиға болған күннен бастап, әуе апатына қатысты елдердің прокурорлары және тергеу комитетімен тығыз байланыста болған.
 
Оқиғаны жан-жақты, толық тергеу үшін Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Бразилия елдерінің кәсіби тергеушілері мен сарапшыларыны қатысып, ауқымды әрекеттер жүргізілді.
 
«Камран Әлиев қазақстандық әріптесі Берік Асыловпен әңгімелесу барысында жиналған айғақтарға дұрыс құқықтық баға беру, қылмыс болған жерді қарау, алғашқы айғақтарды жинау және басқа да маңызды аспектілер бойынша пікір алмасты. Бірлескен тергеу және процессуалдық әрекеттерді жүргізуге, сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді», – деп мәлімдеді Әзербайжан бас прокуратурасы. 
Сондай-ақ Әзербайжан бас прокуратурасы Ресей бас прокуроры Игорь Красновпен де келіссөздер жүргізіп, екі тарап жинаған дәлелдемелерді алмасты. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow