Ресейде WhatsApp пен YouTube желілері толық бұғатталды

Ақпан 12, 2026 - 11:49
Ақпан 12, 2026 - 12:05
 0  2
Ресейде WhatsApp пен YouTube желілері толық бұғатталды
Фото: Pixabay.com

Ресей билігі шетелдік алпауыт WhatsApp пен YouTube сервистерін бұғаттауды аяқтады. Енді бұл жай ғана «баяулату» емес, мемлекеттік деңгейдегі толық техникалық оқшаулау. CNews мәліметінше, 140 миллионнан астам қолданушының жаһандық желіге қосылу мүмкіндігі шектелді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ресейлік провайдерлер WhatsApp пен YouTube домендерін Ұлттық домендік атаулар жүйесінен (НСДИ) толықтай жойды. Яғни, бұл – техникалық тұрғыдан сервистердің Ресейдегі «мекенжайы» өшірілді деген сөз. Аталған жүйені Ресей билігі интернетті «тәуелсіз» ету үшін арнайы құрған болатын. Нәтижесінде, қолданушылар браузер арқылы да, мобильді қосымша арқылы да ресурсқа мүлдем қосыла алмай қалды.

Бұған дейін YouTube трафигі 70-80%-ға дейін жасанды түрде баяулатылса (throttling), 11 ақпаннан бастап ол ресми түрде бұғатталған ресурстар тізіміне енді. Ресми Мәскеу бұл қадамды Google-дың ресейлік арналарды бұғаттауына және «ел заңнамасын сақтамауына» берілген жауап деп түсіндіреді.

Meta компаниясына тиесілі WhatsApp мессенджері де бұғаттауға ілікті. CNews мәліметінше, бұған мессенджердегі «арналар» (channels) функциясының бақыланбайтын ақпарат тарататыны себеп болған. Енді ресейліктерге жаппай Telegram мен VK Messenger-ге көшу ұсынылуда. Сонымен қатар, елдегі VPN сервистерін қолдану мүмкіндігі де 90%-ға дейін шектелді. Айта кететіні, Ресейде соңғы айдың ішінде ғана бұғатталған VPN қызметтерінің саны 400-ден асты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0