Ресейдегі қазақ жігіттерінің мәселесі Президент бақылауына алынды

Ресейдегі қақтығыс аймағында қалған 14 бала елшілікке жеткізілетін болды

Қазан 8, 2026 - 14:31
chat_bubble  0 visibility  2
Ресейдегі қазақ жігіттерінің мәселесі Президент бақылауына алынды
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық заңгер Мейірман Шекеев Ресейде жүрген балалардың мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауына алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Заңгердің айтуынша, бүгін алғашқы 14 бала Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жеткізілген.

«Өтінішіміз бойынша Ресейдегі балалардың мәселесі тікелей Қазақстан Республикасы Президентінің бақылауына өтті. Бүгін алғашқы 14 бала ҚР-дың Ресейдегі елшілігіне жеткізілетін болды», – деп жазды Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол бұл жаңалықты өзіне тікелей телефон арқылы жеткізген Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескеновке алғысын білдірді.

«Қуанышты хабар жалғасын таба берсін», – деді заңгер.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0