Сәкен Бибосынов бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Желтоқсан 13, 2025 - 19:50
 0  9
Сәкен Бибосынов бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Боксшымыз Сәкен Бибосынов Дубайда өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.  

Сәкен алғашқы раундта қарсыласы ресейлік спортшы Вячеслав Рогозинге есе жіберіп, шайқасты 2:3 есебімен аяқтаған еді. Алайда екінші раундтың соңғы секундтарында Рогозинді нокдаунға жіберіп, раундты 5:0 есебімен өз пайдасына шешті. Үшінші раундта төрешілердің екеуі жеңісті Бибосыновқа, қалған үшеуі тең нәтиже деп көрсетті. 

Қосымша төрешілердің шешімі бойынша, Бибосынов 5:2 есебімен жеңіске жетіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Бибосынов 54 кг салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жекте Қазақстанның намысын қорғады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0