«Салтанат, баламды ренжітпе!»: Екінші рет тұрмысқа шыққан танымал блогердің ата-енесі той ортасында кетіп қалды

Бірер күн бұрын танымал блогер, саудагер Салтанат Аманқосова 1994 жылғы ақтаулық жігітке тұрмысқа шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жас жұбайлардың екеуінің де бұрынғы некелерінен балалары бар.
Десе де, олар тойын дүркіретіп өткізді. Бір қызығы тойда сөз сөйлеген Салтанаттың ата-енесі тойдан кетіп қалған.
«Біз енді тілегімізді айтқаннан кейін қайта береміз. Үлкендер жоқ, жастар өзі қалады. Тойды жақсы өткізіңдер», - деді қайын атасы.
Ал блогердің енесі болса, келініне баласын аманаттады.
«Балаларымызға денсаулық тілеймін. Келініміз бізге жақсы келін болсын. Ер-азаматты алға тартатын да, артқа сүйрейтін де әйел адам. Сондықтан Салтанат, менің баламды ренжітпей жақсы отбасы болыңдар», - деді енесі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






