Салтанат Нүкенованың қазасы: Байжанов апелляциялық шағым түсірді
Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
Салтанат Нүкенованың қазасынан кейін 4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжанов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Ол қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылған еді. Сот кабинетіндегі ақпаратқа сәйкес, апелляциялық шағым 2024 жылдың 28 мамырында қаралады.
Сот отырысы сағат 15:40-ке жоспарланған. Ал бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?